28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырған 7 606 адам ем қабылдауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 196 адамның халі нашар. Соның ішінде 25 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.