Алматыда Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Туризм нысандары уақытша режимде ашылады

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 19 қарашадан бастап Шымбұлақ, 16 қарашадан бастап Медеу мұз айдыны сынақ режимінде ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Карантинге жабылған демалыс орындары уақытша режимде ашылады. 

«Сынақ режимінде жұмыс істеуіне рұқсат етілген туризм нысандары - 2020 жылдың 19 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы және 2020 жылдың 16 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдынына жіберілетін адам саны 500-ден аспауы тиіс. Шымбұлаққа келушілер бұрынғы қабылданатын туристер санының 30% -ынан аспауы керек», - делінген Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жанарбек Бекшиннің қаулысында.

Сонымен қатар"Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты мен "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығының тамақтану объектілеріне рұқсат беріледі. Онда да ашық аспан астында 50 орыннан аспауы, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метрді қамтуы керек. Бастысы, ол жерлерде ұжымдық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады.