Былтыр Сеулде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылған
Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалаққа арналған 10 тақта корей ойын үйірмелеріне табысталды. Кореядағы Елшілігіміз бұл рәсімді Абайдың 175 жылдығына орайластырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қатысушыларға тоғызқұмалақ тақталарымен қатар Абайдың корей тіліне аударылған жинақтары ұсынылды. Бұл елде алғашқы тоғызқұмалақ үйірмесі бұдан бір жыл бұрын Сеул маңында ашылған болатын.
«Тоғызқұмалақ математикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді. Өткен жылдан бастап Корея ойындарға үлкен мән беріп отыр. Әрине мобильді және компьютерлік ойындармен айналысатын балалар көбейіп келеді, бірақ осындай ойындарда басқа ойыншының реакциясын бақылау керек. Сондықтан үстел ойындары балалардың қоғамға бейімделуіне және ақыл-ойын дамытуға көмектеседі», - деді ойындарды зерттеу ұйымының басшысы Чо Хён Сук.