Бұл облыстарда қатты жел соғып, көктайғақ болады
Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ боладыі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с.