Жарыстың нақты мерзімі мен өтетін жері кейін хабарланады
Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігіне қатысты шешім қабылдады, деп жазады Olympic.kz.
«COVID-19 індетіне байланысты жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі 2021 жылға қалдырылды. Жарыстың нақты мерзімі мен өтетін жері кейін хабарланады», - делінген федерация таратқан баспасөз мәлімдемесінде.
Айта кетелік, күрес түрлерінен ересектер арасындағы ел чемпионаты 19-26 қараша күндері Алматы қаласында өтеді.