Өткен тәулікте тағы бір адам індеттен көз жұмды
Елімізде коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар саны 406-ға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен тәулікте 209 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 64 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 38 490, өлім жағдайлары - 406, барлығы 28 963 адам сауығып шықты
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 223 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 148 адамның халі нашар. Соның ішінде 25 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.