Қазақстанда 5 қараша күні ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың кей аумағына тұман түсіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады

 
Фото: pixabay.com

Синоптиктер қарашаның 5-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің батысы, солтүстігі және шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болып, бірқатар аймақта қар аралас жаңбыр жауады.

Республиканың кей аумағына тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 18 метр жылдамдықпен ұйтқиды, көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының кей аумағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.