Елімізде бір аптада 122 жолаушыдан КВИ анықталды – Денсаулық сақтау министрлігі

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 741-ге жетті

6 қазаннан бастап 278 автокөлік және 41 әуе жолаушысында COVID-19 анықталды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2020 жылғы 6 қазаннан бастап ҚР Мемлекеттік шекарасынының автомобильдік өткізу пункттері арқылы 148 679 ҚР және шетел азаматтары өткен, 278 адамның сынамалары оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, 26 қазан мен 2 қараша аралығында еліміздің 9 өңіріне келген 122 науқас анықталды. Халықаралық әуе рейстерімен 60 592 жолаушы келді, 8 352 адамнан сынама алынды, 41 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен» - деді Айжан Есмағамбетова. 

Айта кетерлігі, соңғы екі аптада еліміздің барлық өңірінде коронавирус жұқтырушылар саны артты. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 2,6 есеге өсті. Бүгінде 14 өңірдің барлығында әкімдіктер шараларды күшейту туралы шешім қабылдады.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан