Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің бақылауында
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт артуына байланысты 9-шы қарашадан бастап карантин талаптары күшейтілмек. Індеттің таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қызылжар өңіріне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Вице-премьер алдымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасында болып, өңірдің коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы бойынша жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ елдің оңтүстік және батыс өңірлерінен келген жас медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жұмыс сапары барысында вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша облыс басшылығымен кеңес өткізді, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады.
Премьер-министрдің орынбасары өңірде тіркелген СOVID-19 фактілері санының артып отырғанын атап өтті. Облыстың кейбір аудандарында коронавирустық инфекциямен ауыру өткен аймен салыстырғанда 4,7 есе өскен. Вице-премьер жергілікті билік органдарының аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға күш жұмылдыру қажеттігін атап өтті.
COVID-19-ды шетелден жұқтырып келу жағдайларының жалғасып жатқанын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия осы жылдың 9 қарашасынан бастап халықаралық екіжақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және Қазақстан Республикасы азаматтары) үшін теріс нәтижесі бар ПТР тестілеу туралы анықтаманы (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) міндетті түрде ұсыну жөніндегі талапты енгізу туралы шешім қабылдады. Қазақстан азаматтарының мұндай анықтамасы болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР-тест нәтижелері дайын болғанға дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылатын болады.
Сонымен қатар, Ведомствоаралық комиссия облыс әкімдігіне осы жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды, атап айтқанда:
Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары 200 орындық жаңа модульдік инфекциялық аурухананың ашылуына қатысты.
Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің тұрақты бақыла
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО