Ресейде бір тәулікте 18,6 мың адам COVID-19 вирусын жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Осылайша, РФ коронавирус жұқтыру дерегі бойынша әлемдік тізімде 4-орынға шықты

Фото: ашық дереккөзден

Ресейде бір күнде коронавирустың 18 648 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі стопкоронавирус.рф-қа сілтеме жасай отырып. 

Анықталған науқастардың төрттен бір бөлігі – 4421-і – асимптоматикалық. Жұқтырғандардың жалпы саны 1,673 миллионға жетті. Сондай-ақ, елде 1 күнде 355 өлім тіркелді және пандемия басталғалы бері 28 828 адам қайтыс болды. 

Хопкинс университетінің бүкіл әлемде коронавирус туралы мәліметтер жинайтын рейтингісінде Ресей төртінші орында тұр.