Пневмониядан тағы екі адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірінші тамыздан бері індеттен 404 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде пневмонияның 9 жағдайы тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 17 адам жазылып шыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 38 012, өлім жағдайлары - 404, барлығы 28 836 адам сауығып шықты

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 732 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 344 бала бар. Стационарларда 2 482 науқас жатыр. 2 250 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 161 адамның халі нашар. Соның ішінде 19 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.