Ауыр атлетикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты онлайн өтіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан біріншілігі биыл алғаш рет онлайн ұйымдастырылып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz

Аталған республикалық бәсекеге 20 жасқа дейінгі жасөспірім атлеттер мен 23 жасқа дейінгі жас спортшылар қатысуда. 

Қазақстан біріншілігі биыл алғаш рет онлайн ұйымдастырылып отыр. Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай шешім қабылданған.

1 қарашада басталған ел біріншілігі 7 қарашаға дейін жалғасады.