Өткен түні Нұр-Сұлтан қаласы әуежайына 674 жолаушы келген
Қарашаның 1-інен 2-іне қараған түні Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Air Astana, Belavia, Turkish Airlines әуе компанияларына тиесілі 5 ұшақ келіп қонды. Осы ұшақтармен 674 жолаушы келіп, ПТР-анықтамасы болмаған 35 жолаушы стационарға жеткізілген. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Олар ПТР-тесттен өткеннен кейін коронавирус анықталмаса – үйіне, анықталса – инфекциялық стационарға жатқызылады.
Еске салайық, Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының таларуына жол бермеу мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан ары күшейту туралы» қаулыға өзгерістер енгізді.