02.11.2020, 05:35
Жаңалықтар
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 76 адамға жетті
961 адам жарақат алды
Фото: dw.com
Түркияның Измир қаласында жер сілкінісінен 76 адам қаза тауып, 961 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
29 қазан күні жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі тіркелген. Жер дүмпуі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.
Жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, бірнеше көшені су басқан. Измирде ондаған тұрғын үйдің қирағаны хабарланды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасап, қазақстандықтар хабарласа алатын телефон нөмірлерін жариялаған еді.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды