Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Қарағандыда көлік жүргізушісінен екі келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«26 қазанда Жаңаарқа ауданының ПБ қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тасжолында «ВАЗ-21140» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті қарау барысында жүк салғыштағы ақ түсті қаптың ішінен қоңыр түсті кептірілген, спецификалық иісі бар шөп тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 2 кг 400 грамнан астам кептірілген марихуана екені анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.