2 қараша күнгі ауа райы болжамы
Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
2 қараша күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республикада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дүйсенбіде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Павлодар облысында көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда қар жауады деп болжанып отыр, түнде 0-2 градус суық, күндіз 1-3 градус жылы болады.
Алматыда түнде 1-3 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.
Шымкентте түнде 2-4, күндіз 19-21 жылы болады.