Сонымен қатар тағы бір түнгі клубта 80 адам болған
Елордалық полиция қызметі карантин режимін бұзған мейрамханалар мен түнгі клубтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сағат 23.37-де «БХБ» түнгі клубында 500-ге жуық адам болған. Клиенттер мен қызметкерлер назардан тыс қалу үшін ғимаратты іштен жауып алған және клубта ешкім маска тақпаған, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар «ZIMA» түнгі клубында 80 адам болған. Сондай-ақ, «ZOLOTO» мейрамханасын, «ICON» клубын және «Korean һоиѕе» мейрамханасын тексеру кезінде карантин талаптарын бұзу фактілері анықталды.