СҚО әкімі аппаратының қызметкері 900 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ басқарма басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Ол шарттары бұрын нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде пара алды деген күдікке ілінді. Қалған мәлімет жария етуге жатпайды», - деп жазылған хабарламада.