Ол зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.
«Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Естеріңізге сала кетсек, Түркияда жер сілкінісінен 24 адам қаза тауып, 804 адам жарақат алды.