$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.11.2019, 23:21
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жасөспірімдер адам өлтірген

Биыл облыста кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер 112 рет қылмыс жасаған

Ақтөбе облысында жасөспірімдер адам өлтірген
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында колледж студенттері жиі қылмыс жасайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

«Шығармашылық орталығында» 14 қараша күні Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов өңірдегі мектеп, колледж директорлары және ата-аналар комитетінің өкілдерімен жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесін талқыға салды.

Жиын барысында өңірдегі бас тәртіп сақшысы жасөспірімдер қылмысымен полиция, білім беру ұйымдары мен ата-аналар бірлесіп күресу керек екенін айтты. Сондай-ақ департамент басшысы жағымсыз статистикаға тоқталды. Оның айтуынша, облыста кәмелетке толмағандар 112 қылмыс жасаған. Оның үшеуі адам өлтіру, жетеуі денеге жарақат салу және біреуі бопсалау.

Қылмыстарды орта мектептің 28 оқушысы, 63 колледж студенті және 4 жоғары оқу орнының студенті жасаған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтөбе облысы