Қазақстанның тағы бір облысы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

ШҚО мен СҚО-да карантин талаптары күшейтілді

liter.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Солтүстік Қазақстан облысы елдегі коронавирусқа қатысты жағдай бойынша «сары» аймаққа кіргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта бізде «сары» аймаққа енген облыстар бар. Бұл – Солтүстік Қазақстан мен Шығыс қазақстан облыстары», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.

Еске салайық, 21 қазанда Денсаулық сақтау министрлігі «сары» аймақта тек Шығыс Қазақстан облысы орналасқанын, ал қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта екенін хабарлаған болатын.

Бұл өңірлерде бетперде режимін міндетті түрде сақтау, қоғамдық көлікте кемінде 2 метр қашықтықта тұру міндетті (бір отбасы мүшелерін қоспағанда).