30.10.2020, 16:13
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 45 миллионнан асты
Індеттен 1 миллионнан астам адам қайтыс болды
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 45 миллионнан асты. Бұл туралы халықаралық ұйымдардың, федералды және жергілікті билік органдарының ақпараты негізінде есептеулер жүргізетін американдық Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Университет есебінше, қазір вирус жұқтырғандардың саны 45 018 354 құрайды, 1 181 027 адам қайтыс болды, 30 298 756 адам сауығып кетті.
Инфекцияның ең көп жағдайы АҚШ-та тіркелген (8 944 934). Одан кейін Үндістан (8,088,851) және Бразилия (5,494,376) тұр.
Ал Ресейде коронавирусқа қарсы федералды жедел штабтың мәліметі бойынша, 1 581 693 инфекция тіркелді, 1 186 041 адам жазылып шықса, 27 301 адам қайтыс болды.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды