$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2020, 15:08
Жаңалықтар

Тоқаев локдаун тәртібін қайта қабылдап жатқан елдер туралы айтты

Президент халықты карантин шараларын сақтауға шақырды

Тоқаев локдаун тәртібін қайта қабылдап жатқан елдер туралы айтты
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде коронавирустың ықтимал екінші толқынына қатысты пікір білдірді.

«Көптеген елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын», - деп жазды ол.

Эпидемиологиялық жағдайға орай әкімдерге тапсырма берген Мемлекет басшысы азаматтардың да жауапкершілігін сөз етті.

«Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары