«Болашақ» халықаралық стипендиясы 57 үміткерге тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Комиссия шешімімен стипендия 57 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура және докторантурада білім алады, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан ары іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.