Елімізде көлік жүргізу мәдениеті төмен - ІІМ
Елімізде жыл сайын жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары миллиондап тіркеледі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Тұяқбаев елімізде көлік жүргізу мәдениетінің төмен екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«2013 жылдан бері жол-көлік оқиғалары, соның ішінде жарақат алғандар мен қаза тапқандар саны азайып келе жатыр. Дегенмен, бейжай қарауға болмайды», - деді Марат Тұяқбаев.
Оның айтуынша, жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан қаза тапқандар саны азайып келе жатыр.
«Зардап шеккендердің 40%-ы — жаяу жүргіншілер. Жыл сайын жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары миллиондап тіркеледі. Бұл - елімізде көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен екенін білдіреді», - деді ол.
Оның айтуынша, тәуелсіздік алғалы елімізде 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмған.