Барлығы 3 461 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдауда
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 461 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 313 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Стационарларда 2 303 науқас жатыр. 1 158 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 135 адамның халі нашар. Соның ішінде 9 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.