Бұл облыстарда жел күшейеді
Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысында түнде және таңертең 30 қазанда кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.