ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Астанада жол белгілерінің жартысынан астамы стандартқа сай емес - Сағынов

Қазір жол белгілерін жасайтын компаниялар лицензия алмайды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында жол белгілерінің жартысы стандартқа сай емес. Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында тексеріс барысында жол белгілерінің 50 пайызы стандартқа сай емес екені мәлім болып жатады. Бұл қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан осы мәселені бақылауға алуды жоспарлап отырмыз», - деді Сағынов.

Оның айтуынша, республика бойынша 16 мың шақырымға диагностика жасалып, жол белгілері тексерілді.

«Проблема баршылық. Ол бүгін туындаған мәселе емес. Қазір жол белгілерін жасайтын компаниялар лицензия алмайды, бұрын алатын. Сондықтан қажетті материалдарды қолданбай жатады. Осы мәселені қатаң бақылауға алу керек. Қазір тапсырыс беруші «ҚазАвтожолмен» келісім орнаттық. Біз қарап шыққан соң, олар жолды қарап алуға құзыретті. Бұл республикалық жағдайдағы мәселе», - деді ол. 

Тегтер: