Ресейде бетперде режимі жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл шара коронавирустың таралуын азайтуға бағытталған

Фото: ашық дереккөзден

28 қазаннан бастап Ресей Федерациясының аумағында қоғамдық орындар мен көліктерде, таксилерде, автотұрақтарда және лифттерде қорғаныс бетперделерін міндетті түрде кию режимі енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының субъектілерінің басшылығына ойын-сауық және қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуді сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін тыйым салу ұсынылды.

Ресейдің Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында тәуекел тобына жататын адамдарды қорғауға бағытталған шараларды күшейту қажеттілігі туралы айтылған.