Kaspi.kz-те техникалық ақау болды

Автор: Azattyq Rýhy

Компания олқылықтарды анықтап, тезірек қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін «Kaspi банк» жүйесінде техникалық ақау болды. Тұтынушылар жан-жақтан шағымдарын білдіруде. Өз кезегінде банктің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек қолайсыз жағдайға қатысты ресми жауап берді.

«Қазіргі уақытта Kaspi.kz өз қосымшаларындағы техникалық ақауларды қалпына келтіріп жатыр.

Барлық клиенттердің шотындағы ақша сақталған.

28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау болды. Нәтижесінде, клиенттердің шоттарындағы ақшалары дұрыс көрсетілмеді. Өкінішке қарай, картамен төлем жасау, ақша шешу және банкомат арқылы шотты толтыру, қосымша арқылы төлем жасау және ақша аудару операциялары уақытша тоқтатылды.

Компания олқылықтарды жою жұмыстарымен айналысып жатыр.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кибератака туралы фейк ақпараттар тарады. Айта кетейік, ешқандай кибератака болған жоқ. Клиенттердің ақшалары өз орнында. Техникалық ақау жойылғаннан кейін, қосымшаларда, барлығы дұрыс көрсетілетін болады», - деп жазды Ербол Азанбек.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Тегтер: