Елімізде пневмониядан көз жұмғандар саны 396-ға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте тағы бір адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 274 адамнан пневмония анықталды. 1 адам аталған індеттен көз жұмды. Бір тәулік ішінде 68 адам жазылып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 37 205, өлім жағдайлары - 396, барлығы 28 616 адам сауығып шықты

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметі бойынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 114 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 275 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 267 науқас жатыр.  847 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 126 адамның халі нашар. Соның ішінде 12 науқастыңжағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.