Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның үйінен не үшін кетіп қалғаны анықталып жатыр

Фото: polisia.kz

 

Қызылорда облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді тауып, ата-анасымен табыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызылорда облысы Қазалы ауданының 31 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған ұлының үйінен шығып кетіп, қайтып келмегені туралы полицияға хабарлаған. Жасөспірімді іздеу шараларына аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, білім бөлімінің қызметкерлері, еріктілер қатысты», - деп жазылған хабарламада.

Қарқынды іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған бала таңғы сағат 05:30 шамасында табылды. Жасөспірімнің үйден кету себептері анықталып жатыр.