1 қазаннан бері Қазақстанға шетелден келген 39 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тестінің мерзімі өтіп кеткен 31 азамат депортацияланды

Фото: ашық дереккөзден

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстанда 1 қазаннан бері шетелден келген 39 адамнан коронавирус анықталғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«1 қазаннан бастап 7540 жолаушы ПТР-тест жасау үшін екі күндік карантинге жатқызылды. Оның ішінде 39 адамнан коронавирус анықталды. Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкен, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қарағанды қалаларына карантинге жатқызылды», - деді Байғабылов.  

6 қазаннан бастап қаулыға сәйкес шетел азаматтары бортқа ПТР-тестсіз кіргізілмейді. Осы уақытта тест мерзімі өтіп кеткен 31 азамат депортацияланды.