Шараға халықаралық сарапшылар қатысты
Нұр-Сұлтан қаласында Рухани келісім күні мен Дүниежүзілік рухани мәдениет форумының 10 жылдығы аясында «Рухани келісім – бейбітшіліктің негізі» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі және «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық ассоциациясы ұйымдастырды.
Шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаев, «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық ассоциациясының президенті Төлеген Мұхамеджанов, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Үндістан, Аустрия, Швейцария, Германия, Ливан және басқа елдерден белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері, ғылыми қоғамдастық өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты.
Конференцияның мақсаты – азаматтарды ортақ рухани-адамгершілік құндылықтарға топтастырып, қазақстандық қоғамда және бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық, толеранттылық, рухани келісім идеяларын насихаттау.
Конференция барысында қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді, ұлттық идеяға негізделген қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттерін, сондай-ақ елде және әлемде дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуді азаматтық қоғам рөлінің артуын талқылады.
Еске сала кетейік, Рухани келісім күнін атап өту тарихы 1992 жылы қазан айында Алматы қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған бірінші Дүниежүзілік рухани келісімнің конгресін өткізумен байланысты қолға алынған шара.