Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден ұшып келген 108 адам карантинге жатқызылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушылардың ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтамасы болмаған

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден ұшып келген 108 адам карантинге жатқызылды. Түнде елорданың әуежайына шетелден 6 ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines,Belavia және Flydubai әуе компаниялары орындаған. Барлығы 722 жолаушы ұшып келген. Соның ішінде 108-інің ПТР-тест анықтамасы болмаған. Олардың барлығы стационарлық карантинге жатқызылды. ПТР-тесттен өткеннен кейін бұл жолаушылардан коронавирус анықталмаса үйлеріне жіберіледі. Егер вирус анықталса, инфекциялық стационарға жатқызылады.