Коронавирустан емделіп жатқан 119 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 042 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 246 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

️COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, жалпы, науқастардың арасында 119 адамның халі нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.