Жекпе-жек 25 қазанда өткен еді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейроны жеңгені үшін 37 500 доллар алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
«Шавкат Рахмонов октагонға шыққаны үшін 10 мың доллар, жеңіске жеткені үшін 10 мың доллар, промоутер бонусы ретінде UFC-ден 3 500 доллар алады. Салмақ өлшеу кезіндегі Оливейраның сәтсіздігінен кейін отандасымызға тағы 14 000 доллар беріледі», - деп жазылған ақпаратта.
Өз кезегінде бразилиялық Оливейраның табысы 61 мың доллар болды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың көпткен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізіп, жеңіске жеткенін хабарлаған едік.