Нұр-Сұлтанда жүгіру мен велоспорттан онлайн жарыс өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Қатысушылар көрсеткішін мобильді қосымша арқылы ұйымдастырушыларға жіберді

Фото: 24.kz

Нұр-Сұлтанда жүгіру мен велоспорттан онлайн жарыс өтті. Бәсекеде бақ сынаған бас-аяғы 300-ден аса адамның ішінде әуесқойлармен бірге кәсіпқой да спортшылар бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша қатысушылар жүгіруден 5 және 10, ал велоспорттан 15 және 25 шақырымдарға жарысты. Кейін көрсеткішін мобильді қосымша арқылы ұйымдастырушыларға жіберді. Ең үздік нәтиже тіркегендер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, онлайн форматтағы жарыс елордада осымен үшінші рет өткізіліп отыр және алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.