«Оқжетпес» ойыншыларының бірінен COVID-19 анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін бұл команда Қазақстан чемпионаты аясында алматылық клубқа қарсы ойнауы керек еді

Фото: ашық дереккөзден

«Оқжетпес» ойыншыларының біріне COVID-19 диагнозы қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қайрат» АФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 қазанда «Оқжетпес» Қазақстан чемпионаты аясында алматылық клубқа қарсы ойнауы керек еді.

«Өкінішке қарай футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында «Қайрат» АФК - «Оқжетпес» МФК арасындағы бірінші матч өтпеді. «Оқжетпес» МФК ойыншысынан алынған коронавирус сынамасының оң нәтижесіне байланысты ҚФФ кездесуді өткізу мүмкін емес деп шешті. ҚФФ ережесіне сәйкес «Оқжетпес» клубына техникалық жеңіліс (0:5) есептелді», - делінген Алматы клубының хабарламасында.

Ертең, 26 қазанда «Қайрат» рудныйлық «Аятпен» кездеседі.