52 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған
Жыл басынан бері Павлодар облысында 3 мыңнан астам тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелген. 52 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір аймақта отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жаңа жоба жүзеге асып жатыр. Мамандар жобаның мақсаты ұрыс-керіске байланысты қатаң шара қолданбай, істі бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік жасау екенін айтты.
«Біздің мақсатымыз – хаттама толтырып, бәрін бірдей түрмеге жабу емес. Тұрмыстық қылмыстың алдын алып, отбасын сақтап қалу. Осы бағытта қоғамдық бірлестік өкілдерімен, психолог мамандармен көп жұмыстар атқарылып жатыр», - дейді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қайыров Жасқайрат.
Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюдың кешенді жобасы жүзеге асып жатыр. Бүгінгі таңда 200-ге тарта отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді.