Қар тазалауға 300-ге жуық адам жұмылдырылды
Өткен түнде елордада алғашқы қар жауды. Күндіз «Байқоңыр» ауданы аумағының көшелеріне 107 арнайы техника шығып, тазалау жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀«Бірінші кезекте орталық көшелер бойымен, жаяу жүргіншілер жолы, сонымен қатар аялдамалар мен тротуарлар тазартылуда. Осылайша қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары басталып, оған арнайы техникалар мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды», – деп жазылған хабарламада.