Қырғызстанда Президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Президенттің отставкасынан кейін елде мерзімінен бұрын сайлау үш ай ішінде өтуі керек

Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова мәлім еткендей, президенттің отставкасынан кейін елде мерзімінен бұрын сайлау үш ай ішінде өтуі керек.

Қырғызстан заңына сәйкес, егер Парламент президенттің өкілеттігі тоқталығаннан кейін бір апта ішінде кезектен тыс президенттік сайлауды белгілейтін болса, онда келесі күні сайлау ресми тағайындалған болып есептеледі.