«СҚ-Фармация» басшысы мен орынбасарының қанша жалақы алатыны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Компания басшысының қарамағында қызмет ететін бір орынбасары мен үш басқарушы директор бар

Фото: Батыржан Беспаев

«СҚ-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында қанша жалақы алатынын айтты.

Ерхат Есқалиевтің айлық жалақысы 1 миллион 300 мың теңгені құрайды. Ал оның орынбасары – 900 мың теңге алады. Ал басқарушы директорлардың айлық жалақысы – 450-650 мың теңге аралығында. Есқалиевтің айтуынша, оның қарамағында қызмет ететін бір орынбасары мен үш басқарушы директор бар.

Одан бөлек, компания басшысы сұхбат барысында коронавирустың екінші толқынына әзірлік жайлы, қоймалардағы дәрі-дәрмектердің қоры туралы айтты.