Тарбағатайлықтарға қасқыр атуға рұқсат берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Осы уақытқа дейін тұрғындардың қаруы болса да, қасқыр атуға рұқсаты болмады

Фото: altaynews.kz

Тарбағатайлықтар талай жылдан бері түз тағысымен аласып келеді. Осы уақытқа дейін тұрғындардың қаруы болса да, қасқыр атуға рұқсаты болмады, деп жазады Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Тағылардың шабуылы толастар емес. Биыл осындай 1696 оқиға тіркелген. 506 жылқы, 454 бас ірі қара мен 736 қойды қасқыр тартып кеткен. 2017 және 2018 жылдардағы жағдай да осыған ұқсас. Бұл туралы Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мәлімдеді. 

Еске салайық, қазан айында аталған ауданға қарайтын Ахметбұлақ ауылында бір үйдің 70 бас қойын қасқыр қырып кеткендігі хабарланған. Осы оқиғадан кейін Тарбағатай әкімі облыс орталығында өткен брифинг барысында тұғындардың арыз-шағымдарын қанағаттандырарлық жаңалық айтты.

Ал аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәлімдеуінше, Тұғыл ауылында тағы 10 аңшы қасқыр аулаға дайын екендіктерін айтқан. Алайда жоғары билік оларды жанармаймен немесе оқпен қамтамасыз етпейді.

Тегтер: