Қырғызстанның бас прокуроры Өткірбек Жамшитов отставкаға кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жоғарғы Кеңестің конституциялық комитеті оның өтінішін мақұлдады

Қырғызстанның бас прокуроры Өткірбек Жамшитов отставкаға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Akipress-ке сілтеме жасап. 

Комитет төрағасы Қанат Керезбековтің айтуынша, 19 қазанда Жамшитов президенттің міндетін атқарушы Жапаровтың атына отставкаға кету туралы өтініш жазған.

Комитет өтінішті бүгін, 21 қазанда қараған. Енді бұл мәселе Парламенттің талқылауына шығарылады.

«Ол Прокурор ретінде жақсы жұмыс істеді. Тек атышулы істерге қажетті деңгейде көңіл бөлмеді», - дейді депутат Құрманқұл Зулушев.