Қазақстанда алдағы күндері сүн суытады

Автор: Azattyq Rýhy

Кей жерлерде қар жауып, ауа температурасы 13 градусқа дейін төмендейді

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 22-24 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. 

Соның әсерінен жауын-шашын болып, жаңбыр қарға ұласады. Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. 

Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді.