26 қазаннан бастап төрт мемлекетпен арадағы әуе рейстері азаяды

Автор: Azattyq Rýhy

БАӘ, Украина, Беларусь, Германия елдеріне қатынайтын халықаралық рейстердің жиілігі азаяды

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Жолаушыларға арналған халықаралық әуе рейстерін азайту туралы ведомствоаралық комиссияның 19 қазандағы шешіміне, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 26 қазаннан бастап келесі елдерге/елдерден қатынайтын халықаралық рейстердің саны:

1) Біріккен Араб Әмірліктері - аптасына 8 рейске;

2) Беларусь – аптасына 5 рейске;

3) Германия – аптасына 2 рейске;

4) Украина – аптасына 2 рейске азайтылады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды: (термометрия, әлеуметтік қашықтық, беитперде кию, ПТР тестінің және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.