Құс тұмауы Шығыс Қазақстанға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ветеринарлардың айтуынша, аурудың таралуына жол берілген жоқ 

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық округтердің бірінде құс тұмауы шықты. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, деп хабарлады YK-news.kz.

«Бесқарағай ауданында құс тұмауы анықталды. Ауылдық округ бірден карантинге жабылды. Вакцинация жасалды, жағдай тұрақты. Құс қырылуына жол берілген жоқ», - деді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасында. 

Бұған дейін Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауының таралуы бір ай ішінде тоқтайтынын хабарлаған болатын.