Жыл басынан бері жол апатынан 17 мыңға жуық адам зардап шеккен

Автор: Azattyq Rýhy

Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 11484 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 16876 адам зардап шеккен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,4%-ға көп

Фото: ашық дереккөзден

Сондай-ақ, 2019 жылдың 9 айында республикамызда 646 654 жеңіл автокөлік тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға аз. Ал, 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің жалпы саны 3,7 млн.

Бұл туралы мәліметті статистика комитеті беріп отыр.