«Қазгидромет» РМК 20 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
- Атырау облысында түнде және таңертең тұман түсуі мнмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
- Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
- Маңғыстау облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады.
- Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
- Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 20, 21 қазан күндері
- Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде 1 градус үсік сақталады.